ЛЕТО
ФЕРРЕТАБ КОМП
Темір тапшылығы жағдайларынемдеуге жəне профилактикаға біріктірілген препарат
СІЗДІҢ АҒЗАҢЫЗҒА ТЕМІР ҚОЛДАУ

Темірдің қалыпты деңгейін сақтайды жəне қалпына келтіреді

Жүктіліктің асқынуын болдырмайды (қан кету, түсік түсіру жəне т. б.)

Жүктілік жəне лактация кезінде ұсынылады

Ұрықтың жүйке түтігі ақауларының даму қаупін азайтады
Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз әсерлердің қаупін баяу бөлінетін мини-таблеткалар арқылы төмендетеді
Латентті темір тапшылығын жəне әсіресе жүктілік кезінде фолий қышқылының тапшылығымен темір тапшылығы анемиясын емдеу.
ПРЕПАРАТ ТУРАЛЫ
ФЕРРАТАБ КОМП
Темір тапшылығы анемиясы мен фолий қышқылының тапшылығымен латентті темір тапшылығының жеңіл түрін емдеу үшін немесе темір тапшылығының жəне фолий қышқылының тапшылығының профилактикасы үшін: тəулігіне 1 капсула. Темір тапшылығы мен фолий қышқылы
тапшылығының ауыр түрін емдеу үшін: тəулігіне 2-3 рет бір капсула. Жүктілік кезінде ең жоғары ұсынылатын доза тəулігіне 2 капсуланы құрайды.

Капсуланы тамақ ішкенге дейін шамамен 30 минут бұрын, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін іше отырып, тұтастай жұту керек.
ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК
КОМПОНЕНТТЕРІ
  • Темір фумараты 
    Бұл – темір тапшылығын жылдам толықтыратын, баяу бөлінетін ең физиологиялық тұз. Темір инертті матрикске ендірілген мини-таблетка құрамында болады, бұл оның жақсы сіңуіне және жағымсыз әсерлердің (жүрек айнуы, құсу, іш қату) қаупін төмендетуге ықпал етеді.
  • Фолиевая кислота
    Ферретаб комп капсулаларының құрамында темір фумаратының (ІІ) белсенді ингредиенттері және шырышты қабықты тітіркендіруі мүмкін жергілікті темір концентрацияларының кенеттен артуын болдырмас үшін баяу босап шығатын мини-таблеткадағы фолий қышқылы бар. 

Саудалық атауы: Ферретаб комп

Қолданылуы: Латентті темір тапшылығын жəне әсіресе жүктілік кезінде фолий қышқылының тапшылығымен темір тапшылығы анемиясын емдеу.

Өндіруші туралы мәліметтер: G.L. Pharma GmbH, Индустриштрассе 1, A-8502 Ланнах, Австрия

Арнайы сақтандырулар: Ферретаб комп капсулаларын жүктілік кезінде жəне көрсеткіштер болған кезде емізу кезінде қолдануға болады. 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы: Швейцария, Ацино Фарма АГ, Бирсвег 2, 4253 Лисберг

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электронды пошта): «Ацино Каз» ЖШС, Қазақстан, 050047, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 223 үй, 243 т.е. Телефон: 8 (727) 364-56-61, е-mail: PV-KAZ@acino.swiss

Тағайындау жəне қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Өз бетімен емделу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін

ТІРКЕУ КУƏЛІГІНІҢ НӨМІРІ ҚР-ДЗ-5№015591 қолданылу мерзімі: шектеусіз

ПАЙДАЛЫ МАТЕРИАЛДАР
    ҚАЙДАН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
    Тағайындау жəне қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
    Өз бетімен емделу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін
    ТІРКЕУ КУƏЛІГІНІҢ НӨМІРІ ҚР-ДЗ-5№015591 қолданылу мерзімі: шектеусіз