СОЯ ИЗОФЛАВОНДАРЫ
Соя изофлавондары фитоэстрогендер деп аталады. Бұл өсімдік тектес заттар, биологиялық әсері бойынша эстрогенге жақын, өз гормондарының жетіспеушілігі кезінде эстрогенге ұқсас әсерге ие және артық болған кезде эстрогеннің жағымсыз әсерлерін өтейді. Изофлавондарды қолдану ысыну, терлеу, бас ауыруы жиілігінің және климакстық кезеңде байқалатын басқа симптомдардың төмендеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, изофлавондар етеккір алдындағы синдромдағы (АЕС) гормоналды теңгерімсіздікті реттеуге көмектеседі, сүйек тінінің жаңару процестерін стимуляциялайды, оны нығайтуға және қалпына келтіруге ықпал етеді. Изофлавондар антиоксидантты, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін қасиеттерге ие, сонымен қатар тромбиннің түзілуін және тромбоциттердің агрегациясын тежейді, осылайша жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуға көмектеседі.