ЛЕТО
КОНТРАКТУБЕКС ®
Тыртық профилактикасы мен емдеуге арналған гель
КОНТРАТУБЕКС ПРЕПАРАТЫНЫҢ ҮШТІК ФОРМУЛАСЫ
Тыртық тінінің артық түзілуінің алдын алады
Тыртықтың иілгіштігі мен жұмсақтығына ықпал етеді
Қызару мен қышынуды азайтады
Контрактубекс тыртық тініне антипролиферативті, қабынуға қарсы, жұмсарту және тегістейтін әсер көрсетеді.Гиперплазиясыз жасушалық регенерацияны ынталандырады. Хирургиялық операциялардан, ампутациялардан, күйіктерден және жарақаттардан кейін пайда болатын тыртықтарды түзетеді.
ПРЕПАРАТ ТУРАЛЫ
КОНТРАКТУБЕКС
Хирургиялық операциялардан, ампутациядан, күйіктер мен жарақаттардан кейін туындайтын гипертрофиялық, келоидтық, қимылды шектейтін және косметикалық тұрпайы тыртықтар; Дюпюитрен контрактурасы және сіңірлердің травматикалық контрактуралары сияқты контрактуралар;
тыртық стриктурасында (атрофиялы тыртықтарда).
Контрактубекс зақымданулар жабылғаннан кейін тыртықтардың осы түрлерін емдеу үшін қолданылады.
Гель толық сіңгенше теріге немесе тырытықтың беткейіне жеңіл ысқылай отырып жағыңыз.
Ескі тығыз тыртықтар кезінде гель әсер ету үшін таңғышпен түнге қалдырыңыз. Тыртықтың немесе контрактураның дәрежесі мен қалыңдығына байланысты емді бірнеше апта немесе ай бойы жүргізу қажет.
Жаңа тыртықтарды емдеу кезінде қатты суық, ультракүлгін сәуле немесе қатты массаж сияқты физикалық тітіркендіргіштерден қорғану керек.
ҚОЛДАНЫЛУЫ
ҚОЛДАНЫЛУ ТӘСІЛІ
КОМПОНЕНТТЕРІ
  • ПИЯЗ ЭКСТРАКТІСІ
    қабынуға қарсы және бактерицидтік қасиеттерге ие, шамадан тыс тыртық тінінің пайда болуына жол бермейді.
  • НАТРИЙ ГЕПАРИНІ
    қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, антипролиферативті әсерге ие және тіндердің гидратациясын күшейтеді. Ол сонымен қатар коллаген құрылымын жұмсартушы әсер көрсетеді.
  • аллантоин
    жаралардыңжазылуына ықпал етеді және жұмсартқыш әсерге ие, тері арқылы енуіне ықпал етеді және көбінесе тыртықтың пайда болуымен байланысты қышынуды жеңілдетеді. Кератолитикалық әсерге ие.

Контрактубекс дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі қысқаша нұсқаулық

Контрактубекс

Саудалық атауы: Контрактубекс, гель.

Қолданылуы: хирургиялық операциялардан, ампутациядан, күйіктер мен жарақаттардан кейін туындайтын гипертрофиялық, келоидтық, қимылды шектейтін және косметикалық тұрпайы тыртықтар; Дюпюитрен контрактурасы және сіңірлердің травматикалық контрактуралары сияқты контрактуралар; тыртық стриктурасында (атрофиялы тыртықтарда).

Контрактубекс зақымданулар жабылғаннан кейін тыртықтардың осы түрлерін емдеу үшін қолданылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар: әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Айрықша нұсқаулары: 1 жастан бастап балаларда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, гельді күніне бір немесе екі рет тыртық тініне жағуға болады.

ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.

ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН.

ТК ҚР-ДЗ-5№010905, 28.05.2018 г. Қолданылу мерзімі: шектеусіз,

ТЕСТТЕН ӨТУ
Сіздің ағзаңыздың жағдайы туралы білуге көмектесетін қысқаша сауалнама
ПАЙДАЛЫ МАҚАЛАЛАР
    ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
    ҚАЙДАН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ