Осень Каз

Климакстық кезең (климакс)

Климакс деген не
Климакстық синдром – климакстық кезеңнің табиғи ағымын қиындататын, әртүрлі бұзылулар мен симптомдар кешені. Бұл аналық бездер белсенділігінің төмендеуі салдарынан әйел организмінің гормоналды қайта құрылуына байланысты.

Климакстың басталуын қандай белгілер көрсетеді? [3][4]

Келе жатқан климакстың алғашқы белгілері — бұл эстроген тапшылығына байланысты жүйесіз етеккір мен қатаралас жүретін вегетотамырлық бұзылулар.

Климакс қандай симптомдармен қатар жүреді?

Етеккір оралымының бұзылуынан және етеккірдің тоқтауынан басқа климакстың негізгі симптомдары ретінде мыналарды атауға болады:

Ысыну

қысқа мерзімді қызу ұстамалары, терлеумен, дене температурасының көтерілуімен, тахикардиямен, саусақ ұшының шаншуымен қатар жүреді. Ұстама күрт суықты сезінумен аяқталады

Бас айналу

гормональді қайта құру әсерінен бас айналуға әкелетін артериялық қысымның секірісі орын алуы мүмкін

Ұйқының бұзылуы

түнгі уақыттағы ұйқысыздық және күндізгі уақыттағы ұйқышылдық

Шаршау сезімі, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі

нашар ұйқы, жабырқаңқы көңіл-күй және зат алмасу процестерінің өзгеруіне байланысты туындайды

Климакстық кезеңде барлық дерлік әйелдерде байқалатын негізгі симптомдардан басқа, психика, жүйке және несеп-жыныс жүйесі тарапынан симптомдар бар:

· Астено-невроздық синдром - ашушаңдық, жылауықтық, үрей мен қорқыныш ұстамалары, иістерге төзбеушілік
· Терінің жұқаруы және салбырауы, пигментті дақтардың пайда болуы
· Жоғары ылғалдылық кезінде, ыстықта, қапа бөлмелерде бас ауыруы
· Депрессивті бұзылыстар - қартаюды сезіну салдарынан
· Гипервентиляциялық синдром - әйел тыныстың тарылуын, көкірек аумағындағы қысымды, тамағнда тас тұрғандай сезінеді
· Бастағы шаштың түсуі және олардың бетте өсуінің күшеюі
· Қынаптың құрғауы және либидоның төмендеуі
· Несеп ұстамау және несеп-жыныс мүшелерінің қышынуы
· Остеопороз, сүйек тіні жаңаруының тоқтауы, ал осының есебінен - кальцийдің организмнен тез шайылуына байланысты сүйектер сынғыштығының жоғарылауы және сыну ықтималдығының жоғарылауы, әйел бойының төмендеуі, буындардың ауыруы, бүкірлік
· Жүрек-қантамыр жүйесі жұмысының бұзылуы

Климакс симптомдарын түзету

Климакстың алдын алуға болмайды, бірақ өз денсаулығыңызға алдын-ала қамқорлық жасау және жағымсыз көріністеулерді азайту қажет. Климакс – бұл қорқатын ауру емес. Егер жағымсыз көріністеулерді түзетуге қатысты алдын-ала қамқорлық жасаса, осы өтпелі кезеңді мүмкіндігінше жайлы бастан өткеруге болады.

Осы кезеңде тұрақты физикалық жүктеме аса пайдалы. Бұл жүрек аурулары мен остеопороз қаупін азайтады. Физикалық белсенділік жақсы хал-ахуалға ықпал ететін эндорфиндердің өндірілуін туындата отырып, миды стимуляциялайды. Депрессия азаяды, физикалық ауырсыну жеңілдейді.

Климакс көріністеулерін жеңілдетуде дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салтына ерекше орын беріледі. Тұтынылатын тағамның сапасына, оның қасиеттері мен мөлшеріне назар аудару әл-ауқатқа оң әсер етеді.

Ғасырлар бойы адамдар өсімдіктердің пайдалы қасиеттерін пайдаланып келеді. Қазіргі уақытта құрамында фитоэстрогендер бар биологиялық белсенді кешендер бар.

Фитоэстрогендер — бұл құрылымдық және функционалдық жағынан эстрогендерге жақын өсімдік заттары. Бұл ретте синтетикалық гормондарға тән организмге жағымсыз әсер етпей, олардың іс жүзіндегі тапшылығын толтырады.

Фитоэстрогендер зат алмасу мен гормональді теңгерімді реттеуге көмектеседі, климакстық симптомдарды жеңілдетеді және қартаю процестеріне қарсы тұрады. [5][6][7][8]
2023-05-15 15:45